Қарақшылар күйеуінің көзінше әйелін зорлап, айуандықпен өлтірген
Ақша ұрлау мақсатымен ерлі-зайыптылардың үйіне басып кірген қарақшылар іздегендерін таппаған соң аса қатыгез қадамға барған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
44 жастағы Кристина Амарал мен оның күйеуі Ювеналдың мәйіті Бразилияның Камасари қаласындағы ерлі-зайыптылар үйінің артқы ауласындағы таяз қазылған шұңқырдан табылған.
Сот сарапшыларының айтуынша, 57 жастағы ер адам аяусыз соққыға жығылып, бірнеше пышақ жарақатын алған. Мұнымен қоймай, қаскөйлер ер адамды әйелін қалай зорлап жатқандарын көруге мәжбүр еткен.
Қарақшылар ерлі-зайыптыларды 24 сағат бойы азаптаған. Детектив Мария Тереза Сантостың айтуынша, адам жегіш қылмыскерлер құрбандарының етін тірідей жеген.
Әйелдің ішкі органдары, аналық бездер мен фаллопиялық түтікшелерінен өзге дене мүшелері табылмаған.
Олардың үйінде еден жуушы болып жұмыс істейтін әжесінен ерлі-зайыптылардың 15 мың фунт мөлшерінде өтемақы алғанын естіген күдіктілердің бірі сыбайластарымен аса ауыр қылмысқа итермелеген.
Қазіргі таңда кісі өлтіруге қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы Даниэль Сантос Невес пен 25 жасар Карлос Альберто Нерес және 13, 14, 16 жастағы тағы үш жасөспірім ұсталды.
Жәбірленуші ерлі зайыптылар
Ұстау барысында күдіктілерден 12-калибрлі мылтық, тапанша және қаза тапқан ерлі-зайыптыларға тиесілі автокөлік табылды.