Шартарап

Қайыршы банктегі шотында миллиардтаған ақша жатқанын білмеген

  • © Sputnik / Константин Чалабов

    © Sputnik / Константин Чалабов

Пәкістанның Карачи қаласында тұратын кедей саудагердің банктегі шотында 2,3 миллиард Пәкістан рупиясы (6 миллиард теңгеден астам) болған. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлайды.


52 жастағы Мұхаммед Абдул Кадир қаланың қайыршы ауданында тұрып, балмұздақ сатудан түскен күн сайынғы 500 рупиясына күнелтіп жүрген болатын. Федералды тергеу агенттігі жауап алуға шақырғанға дейін банктегі байлығы жайында бейхабар еді.


Екі жыл бұрын оның банктегі шоты арнайы қызметтің назарына түседі. Шот 2014-2015 жылдары ашылып, 2016 жылы біреу ондағы қаражатты шешіп алады. Кадирдің айтуынша, ол бұл жайттың ешқайсысын білмеген. Сөзінің дәлелі ретінде өзі тұрып жатқан лашыққа шақырады. "Шотымда миллиардтаған ақша болса, осылай бейшара күн кешер ме едім", — дейді балмұздақ сатушы. Өзінің сауаты жоқ екен, тіпті банк құжаттарына қол қоюды да білмейді.


Федералды агенттік шоттың ақшаны жылыстату мақсатында пайдаланылуы мүмкін екенін алға тартады.


"Өмірдегі ең жолы болмайтын адам мен шығармын", — дейді ұнжырғасы түскен Кадир. – Қанша ақшам болғанын айырылғаннан соң бір-ақ білдім".


Қазір жұрт оны мазақтап, "қайыршы миллиардер" деп атайтын көрінеді. Кадирдің өзі көп ақшасы болғанын естіген қарақшылар шабуыл жасайды деп қорқады. Анасының ақыл-кеңесі бойынша далаға да шықпай, табыс көзінен айырылып отыр.


 Sputnik




Көрілген: 269    Пікірлер: 0

сенбі, 06.10.2018, 10:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31