Шартарап

Келіншек спа-салонда тірідей қақталып, ажал құшты

  • © life.ru

    © life.ru

Шанталь Лавин есімді бойжеткен ағзасын тазартпақ болып, «Ақыл-есін жоғалтпай өлу» атты детоксикация бойынша семинарға қатысқан.


Семинар барысында оған қатысушы қонақтарға шипалы лайда он сағат бойы ораулы күйде жату ұсынылған. Осылайша, келісімін берген 35 жасар келіншекті салон қызметкерлері целлофанға орап, басына арнайы қорапты кигізіп, жатқызып қойған. Нәтижесінде ол денесі қызып, екі сағаттан кейін көз жұмған, деп хабарлайды Mirror.



Патологоанатом емдеу рәсімінің шын мәнінде тірідей қақтауға ұқсас болғанын мәлімдеді. Себебі, емдеу кезінде әйелдің денесінің температурасы 40,5 градусқа жеткен.


Канаданың Квебек қаласында орналасқан спа-салонның қызметкерлері 2014 жылы осындай немқұрайлылықты бастан өткеріп, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Нәтижесінде, салонның ұйымдастырушысы Габриэль Фрешетт үш жылға, оның екі көмекшісі 2 жылға сотталған. Олар үшеуі бірігіп, сот шешіміне аппеляциялық шағым түсірмек болған, бірақ мына жайттан кейін оларға аппеляциялық шағым беру құқығын жойды.


Шанталь ем қабылдау мақсатында біліксіз терапевт қабылдайтын фермерлік үйге келген. Оның қасында екі құрбысы болған.


Абырой болғанда олар дін-аман қалған. 


reactor




Көрілген: 989    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 12.11.2017, 20:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30