Шартарап

Көк шай биоқоспасын ішкен ер адам бауырынан айырылып қалды

  • Фото: Jim McCants

    Фото: Jim McCants

АҚШ-тың Даллас қаласының тұрғыны көк шай сығындысы бар биоқоспа ішіп бауырынан айырылған. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.


50 жастағы МакКантс салауатты өмір салтын ұстанған. Тек пайдалы тамақ жеп, спортпен шұғылданып, жылына 6 шөлмек сыра ғана ішкен.


Ер адам екі ай бойы капсуладағы көк шай сығындысы бар биоқоспаны ішкен. Жарнамада биоқоспа жүрек жұмысын жақсартып, қатерлі ісіктің алдын алып, арықтауға көмектеседі деп айтылған екен.


Алайда бір күні ол аяқ астынан ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған бауыр церрозы деген диагноз қойған. Ер адам салауатты өмір салтын ұстанғандықтан дәрігер бұған көк шай биоқоспасы себеп болды деген тұжырымға келген.


МакКантсыз жағдайы ауыр болғаны соншалық, оған бауыр ауыстыру отасы қажет болған.


"Маған өмір сүретін күнімнің санаулы екен, бір аптаға да жетпейтінімді айтты", - деп есіне алды ер адам.

Бақытына орай МакКантсқа екінші күні-ақ донор табыла кеткен. Содан бері төрт жыл өтсе де кейде ер адамды бүйректің созылмалы ауруы мен іш ауруы мазалайды екен.


"Бұрын белсенді адам едім, ал қазір аз қозғаламын. Үнемі өзімді шаршаңқы сезінемін", - дейді Джим.

МакКантс биоқоспаны өндіретін компанияны сотқа берген. Ол капсулалардың қорабында қарсы көрсетілімдер жазылғанын қалайды, себебі АҚШ пен Ұлыбританияда көк шай биоқоспасы тағам ретінде тіркелген.


Уэйк-Форест университетінің бауыр аурулары кафедрасының профессоры Герберт Бонковски бұл жағдайға қатысты пікірін білдірді.Оның биоқоспаларды зерттеп жүргеніне 20 жыл болыпты.


"Егер көк шайды аз мөлшерде ішсеңіз, сізге ештеңе болмайды. Алайда, көк шай сығындысын ішкендерге қатер төнуі мүмкін. Көк шайдың құрамындағы галлат эпигаллокатехин бауырға аса қауіпті", - дейді профессор




Көрілген: 573    Пікірлер: 0

жұма, 26.10.2018, 20:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30