Шартарап

Көпбалалы әйелді сот "еркек" деп танып, аналық құқығынан айырды

  • Фото: ria.ru

    Фото: ria.ru

Екатеринбургте сот омырауын алдырып тастаған көпбалалы ана Юлия Савиновскихті еркек деп танып, асырап алған балаларын тарып алыпты деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.


Сот үкіміне себеп болған - оның бір жынысты адаммен отбасын құруыт дейді. Ал Ресейде бір жыныстылардың үйленуіне рұқсат жоқ екен.


Юлия Савиновских пен оның күйеуінде төрт бала бар. Екеуін өзі босанған, ал екеуі асырап алынған. Ал Юлияның алғашқы жолдасынан туған бір қызы қазір ата-анасынан бөлек тқрады екен. Юлия төсін алдырып тастағаннан кейін ол асырап алған балаларды қамқоршылар тартып алған.


Юлияның өзі көкірегі тыс үлкен болғандықтан , оның жұмысына кедергі келтірген.Сол үшін ота жасауға келісімін берген екен.


Оның асырап алған балаларын сот қыркүйек айында тьартып алған. Сот мәліметтері бойынша, Юлия бала асырауға болмайтын дертке шалддыққан соң осындай шешім қабылдапты. Юлияның қорғаушысы болса, оның ешқандай аурумен ауфырмайтынын айтуда.


Осыдан кейін әйел балаларын қайтарып алу бойынша бірнеше рет сотқа қайта өтініш жазып та көрген. Алайда оның барлығы нәтижесіз болыпты. Тіпті билік органдарының өзі оған ешқандай көмек бере алмаған.


Осы жылдың қаңтар айында Юлия телевизиялық бағдарламаға қатысып, өзінің трансгендерлермен қалай жұмыс істегенін айтып берді. Олардың барлығы бала кезінен қалған жараны кетіре алмай жүрген ашық, мейірімді және шыншыл жандар дейді әйел.


Сондай-ақ қамқоршы ұйымға Юлияның интернетте ер азаматтың атымен трансгендерлер туралы жүргізіп отыратын блогы да ұнамай қалыпты.


Енді Юлия күйеуімен бірге сот шешіміне қарсы тағы да арызданбақшы. Олардың айтуынша, Юлия құжат бойынша, тіпті жеке куәлігінде де әйел деп көрсетілген. Ол күйеуінің атынан ақша табу үшін блог жазып отырған екен.


"Мен жазушы болғым келген еді. Сондықтан болашақтағы жарияланымдарымның нобайын жасап қойғанмын", - дейді Юлия.


Савиновскилер отбасы үйдегі кішкентайлардың Юлияны ана деп атайтынын айтады.


"Менің тұңғыш қызым жақынжда 18 жасқа толады. Егер мені ер азамат деп атағанын қаласам, алдымен сол қызымнан бастайтын едім", - деп ақтарылды. Ол әрмен қарай тәнін өзгертуді жоспарламайды екен.


"Мен өзіме еркектер гармонын салып, фаллопластиканы жасатуды тіпті ойламаймын", - дейді. 




Көрілген: 526    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 14.02.2018, 16:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28