Шартарап

Күйеуіне ашуланған әйел екі баласын өлтіріп тастаған

  • Брэнди Уорли. Фото: yahoo.com

    Брэнди Уорли. Фото: yahoo.com

Ұлыбританияда 31 жастағы әйел күйеуінің ажырасатынын білгенде екі баласын өлтіріп тастады. Жалғыз қалудан қорқып, есінен адасқан ана пышақты өзіне де сұққылап, содан кейін полицияға хабарласқан деп жазады yahoo.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Дарлингтон қаласынынң тұрғыны Брэнди Уорли балаларын аяусыз пышақтаған соң, полицияға хабарласып өз қылмысын айтып берген. Ол жеті жасар ұлы Тайлер Уорли мен үш жасар қызы Чарли Уорлиді өлтіреді. Содан кейін полицияға қоңырау шалып, "Мен балаларымды өлтіріп, өзімді пышақтадым. Жердің барлығы қан болып жатыр" деп айтыпты.



Телефон тұтқасындағы диспетчер одан неліктен өлтірдіңіз деп сұрағанда, ол "күйеуім ажырасып, балаларды тартып алғысы келді" деп жауап берген.


Полиция қызметкерлері оқиға орынана жеткенде, балалардың ікесң Джейсон Уорли ешнәрседен хабарсыз күйде, үйдің жертөлесінде ұйықтап жатқан.


Ал әйелі істеген ісіне өкінбестен, ешқандай эмоциясыз отыра беріпті.


Алғашқы сот отырысында Джейсон келіп, балаларын өлтірген жарынан жиіркенетінін айтты.


"Ол өте қатыгез адам. Тіпті қылмысын қалай жасағанын айтып тұрған кезде де еш қысылмайды. Естіп тұрып өз жаның ауырып кетеді. Мен оны ешқашан көрмей, жаңа өмір бастағым келеді. Іуел бастан қалағаным да сол болатын", - деді ол.

 




Көрілген: 640    Пікірлер: 0

жұма, 26.01.2018, 14:54

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31