Шартарап

Күйеуіне келген конвертті ашқан Трамптың келіні ауруханаға түсті

  • Фото: Insider.pro

    Фото: Insider.pro

Дональд Трамптың үлкен ұлының атына белгісіз адамнан ішіне ұнтақ салынған конверт келді. Оны әйелі ашып, кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.


АҚШ президентінің үлкен ұлының әйелі Ванесса Трамп 12 ақпан күні ішіне ақ ұнтақ салынған конвертті ашамын деп ауруханаға түседі. Аталған хат күйеуіне келген екен. Бұл оқиға таңғы сағат 10:00 шамасында Манхэттендегі ерлі-зайыптылар пәтерінде болған.


Нью-Йорк полиция қызметкерлері өз кезегінде Ванесса Трамптың ауруханаға тек алдын ала сақтық шарасы ретінде жатқызылғанын айтып өтті. Әзірге президенттің келінінің денсаулығына қатысты нақты ақпарат жоқ.


Онымен бірге ауруханаға тағы екі адам түсті. Дереккөздері ол адамдардың есімін құпия ұстап отыр.




 




Көрілген: 1305    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.02.2018, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31