Шартарап

Қырғыз - Тәжік шекарасында қақтығыс болды

  • Көрнекі фото:ABC News

    Көрнекі фото:ABC News

Қырғызстан мен Тәжікстан республикаларының тұрғындары арасындағы қақтығыс 13 наурыз күні екі ел шекарасында болды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Оқиға Кожогарда болған. Қақтығысқа Баткен ауданы Ақсай ауылының және Мехнатабад ауылының тұрғындары қатысқан. Бұған Ақ-Сай – Тамдық айналма жолының салынуы себеп болған.


Ақпарат бойынша, қақтығысқа Тәжікстанның 70 азаматы және қырғызстандық 50 азамат қатысқан. Олар бір-бірін таспен атқан көрінеді.


Оқиға орнына екі елдің шекарашылары келіп, әскерилердің көмегімен жанжал басылған


Дегенмен қырғыстандық тарап Ақ-Сай жолын жауып тастапты, ал тәжікстандықтар өз кезегінде Торт-Кочо жолын жапты.


Қазіргі таңда жағдай бақылауға алынған. Мамандар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Аталмыш жайтқа байланысты Қырғызстан және Тәжікстанның шекара өкілдерінің кездесуі өткізілді. Тараптар тәжік-қырғыз шекарасындағы ахуалды тұрақтандыру жөнідегі келісімге келді.


Баткендік шекара жасағының жеке құрамы күшейтілген күзет түріне ауысқаны хабарланды.


Қақтығыс кезінде Қырғызстан тарапынан бір адам жарақатпен Самаркандек ауруханасына жеткізілген.


Sputnik Тәжікстанның мәліметінше, екі ел шекарашылары адамдарды басу үшін ескертпе оқ атқан.

 




Көрілген: 141    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 13:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Наурыз, 11:43
    Түрмедегі секта...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31