Шартарап

Қырғызстанда президенттікке таласқандар бір-бірін жағадан алуға жақындап қалды (видео)

  • © caravan.kz

    © caravan.kz

Қырғызстанда сайлау алды науқан қызу жүріп жатыр.


Президенттікке екі басты үміткер - «Республика-Ата Журт» фракциясының жетекшісі Өмірбек Бабанов пен билік партиясы болып табылатын Қырғызстанның әлеуметтік-демократиялық партиясының өкілі Сооронбай Жиенбеков сайлау дебатында қызу пікірталас өткізді, деп хабарлайды Caravan.kz.


Елдің қазіргі премьер-министрі Сооронбай Жиенбеков Бабановты "балапан" деп атап, оған "сен" деп сөйлей бастады.


Бабанов өз кезегінде оған ешқандай "балапан" емес екенін айтып, оның жемқорлықпен күреске байланысты ешқандай қадам істемей жатқанын бетіне басты. Осы сөзден кейін ашуы оянып кеткен Жиенбеков былай деп жауап қатты:


"Сен өйтіп маған жемқорлық туралы сөйлеме. Егер мен Президент болсам, жемқорлықпен күресті сенен бастаймын, көр де тұр. Мен елді кім тонап жатқанын, бәрін білемін. Сен де солардың қатарындасын. Мен бұны айтқым келмеген, өзің бастадың" , - деді билік партиясының өкілі.



"Маған "сен" емес, "сіз" деп сөйлеңіз. Одан бөлек, мен Сізді жемқор деп айыптаған жоқпын, сөзімді неге дұрыстап тыңдамайсыз? Ал мені жемқор деп айыптаудың алдында, Сіздің шенеунік ретінде иеленіп отырған үлкен байлығыңызды қайдан жиып-тергеніңіз туралы бірінші болып есеп бересіз. Ал мен бизнесте көп жыл болған адаммын", - деп сөзің қорытындылады Бабанов. 




Көрілген: 757    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 11.10.2017, 12:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 09:42
    Әлемдегі ең бай әйел кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31