Шартарап

Қырғызстанның бұрынғы бас прокурорының інісін өлтіру оқиғасының мән-жайы белгілі болды

  • © ru.sputnik.kg

    © ru.sputnik.kg

Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Аида Салянованың ініс Ұланды өз үйінің ауласында атып кеткендер ешқандай құнды заттар алмаған. Бұл туралы марқұмның тағы бір әпкесі Чинара Салянова мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости қырғызстандық 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.


Оның сөзінше, шабуыл кезінде үйде Ұлан, оның әйелі және Абай атты кіші ұлдары болған.


"Лариса шабуылдағандар арнайы жасақтікіне ұқсас киімде болғанын айтады. Беттерін жасырған. Ақша талап еткен. Ұлан олардың кім екенін, не керегін сұраған кезде олардың бірі тапаншаны Абайдың басына тақаған. Ұлан ұлын қорғамақ болып орнынан тұрды. Осы кезде екі рет оқ атылған. Абай көршілерге қашып үлгерді. Олар Ұланды өлтірді де, қашып кетті. Ештеңе алған жоқ", - дейді Чинара.


Оның айтуынша, Ұлан өте қарапайым және мейірімді адам болған. Ол техникалық жөндеу орталығында көлік бояумен айналысқан.


2017 жылдың 6 қарашасында түнде бірнеше қарулы адам 42 жастағы Ұлан Саляновтың Бішкек маңындағы Көк-Жар ауылындағы үйіне баса-көктеп кірген. Олар тапаншадан үй иесін атып тастаған, алған жарақаттардан ер адам ауруханада көз жұмған болатын.


Бұрынғы бас прокурор Аида Салянова орнынан кеткеннен кейін оппозициялық "Ата-Мекен" партиясы атынан парламентке сайланған.


Ол қазіргі билікті бірнеше рет сынаған болатын.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 449    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 20:54

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30