Шартарап

Қытай ғарышқа әлемдегі алғашқы күн электр станциясын салмақ

  • Қытай ғарышқа әлемдегі алғашқы күн электр станциясын салмақ

    Қытай ғарышқа әлемдегі алғашқы күн электр станциясын салмақ

Қытай ғарыш кеңістігінде күн электр станциясын орналастыратын әлемдегі алғашқы ел болмақ. Бұл туралы Science & Technology Daily журналына сұхбат берген Қытай ғарыштық технологиялар академиясының ғылыми қызметкері Ли Мин мәлім етті, деп хабарлайды TAСС.


«Қазіргі уақытта Қытай ғарыштық күн энергиясымен айналысатын жетекші елдер қатарына қосылды», - деді Ли Мин.


Қоршаған ортаны ластауға әкелетін қазба отынына қарағанда, ғарыш кеңістігінде күн энергиясын пайдалану әлдеқайда тиімді, әрі таза және тұрақты.


Ғалымдардың айтуынша, жердегі күн және жел электр станцияларына қарағанда ғарыш электр станциясының жұмысына ешқандай табиғи факторлар әсер етпейді, сондықтан ол Жерге үлкен энергия ағынын жібере алады.


Қазіргі уақытта Ресей, АҚШ және Жапония осы саланы дамытуға инвестиция салып жатыр, мұндай зерттеулерге Үндістан, Оңтүстік Корея және Еуропа елдерінің ғарыш ведомстволары да атсалысуда.


Қытай 2008 жылы ғарыш электр станцияларын құру бойынша практикалық қадамдарды бастады және сымсыз электр энергиясын беру технологиясында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.


www.inform.kz




Көрілген: 513    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 03.11.2017, 22:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30