Шартарап

Қытай телеарнасының жаңалық жүргізушісі адам болмай шықты

  • Фото: twitter.com/XHNews

    Фото: twitter.com/XHNews

"Синьхуа" ақпараттық агенттігі қытайлық Sogou интернет-компаниясымен бірге тележүргізуші қызметін атқаратын жасанды интеллекті таныстырды. Бұл туралы Iz.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Бұл тұсаукесер Учжэнда интернетті басқаруға дүниежүзілік конференциясы аясында өтті.


Құрастырушылардың айтуынша, жасанды интеллект адамның мимикасын, сөйлеу мәнері мен дауысын, сондай-ақ, эмоцияларын сарапқа сала алады.


Телебағдарламаны дайындау үшін тірі жүргізші мен мәтінді қою қажет. Сонда голограмма нақты "бастапқы" үлгінің ерекшеліктерін көшіре отырып, ақпаратты ұсына алады.


Конференцияда Қытайда танымал тележүргізуші Цю Хаоның голографиялық "егізі" ұсынылды. Тұсаукесер кезінде виртуалды журналист жасанды интеллект жұмысының технологиясы мен құрылымы туралы айтып берді.


Идея авторларының сөзінше, санды тележүргізушілердің бір ерекшелігі 24 сағат, еш демалыссыз жұмыс істеуі болып табылады. Сондай-ақ, бағадарлама ешқандай қате жібермейді.


 




Көрілген: 303    Пікірлер: 0

жұма, 09.11.2018, 12:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30