Шартарап

Қытайда ерлі-зайыпты ұшақ ұшатын алаңда төбелесті

  • Қытайда ерлі-зайыпты ұшақ ұшатын алаңда төбелесті

    Қытайда ерлі-зайыпты ұшақ ұшатын алаңда төбелесті

Қытайда ерлі-зайыпты ұшып кетуі тиіс ұшақ басқышының алдында төбелес шығарған. Нәтижесінде рейс жарты сағатқа кешіктірілген. Ал ерлі-зайыпты қамауға алынған, - деп жазады Вести.Ru.


Ерлі-зайыпты арасындағы төбелес Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Куньмин қаласындағы Чаншуй әуежайында болған. Олардың арасындағы жанжал ұшақ басқышына дейін жеткізіп салған автобустан кейін басталған.


Басылымның мәліметінше, басқа жолаушылар басқышпен көтеріліп жатқанда ерлі-зайыпты төбелесе бастаған.



Содан күйеуі әйелін жерге құлатып тастап, әйелі болса оның жейдесін жыртқан. Видеоны куәгерлердің бірі түсіріп алған. Содан төбелес аяқталған соң ерлі-зайыпты ұшаққа мінбекші болады, бірақ капитан оларды қауіпсіздік үшін бортқа кіргізуден бас тартып, полиция шақырған.


Осылайша, ұшақ жарты сағатқа кешіктірілген. Ал төбелес шығарған ерлі-зайыпты Куньмин әуежайында қалған. Кейінірек олардың босатылғаны белгілі болды.


kaz.tengrinews.kz


 





Көрілген: 463    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.04.2017, 17:55

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30