Шартарап

Қытайда қауіпті инфекция таралып жатыр

  • © AFP 2018 / JEAN-PHILIPPE KSIAZEK

    © AFP 2018 / JEAN-PHILIPPE KSIAZEK

Қытайда африка шошқа обасының таралуына байланысты 8 мыңнан аса шошқа жойылды, деп хабарлады РИА Новости.


Жұма күні Қытайдың ауыл шаруашылығы министрлігі елдің солтүстік-шығысындағы Ляонин провинциясында африка шошқа обасы тіркелгенін хабарлады. Індет 1 тамыз күні Шэньян қаласындағы мал қораның бірінен шыққан. Жұқпалы ауру ошағы қоршалып, шошқаны жою жұмыстары басталды, аумақты дезинфекциялау және залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр.


Ресей ветеринарлық және фитосанитариялық бақылау федералды қызметінің мәліметінше, 47 шошқа індетті жұқтырып, 8069-ы жойылды.


"Індетті тудырған африка шошқа обасы вирусының генотип және генетикалық сипаттамасы туралы туралы ақпарат жоқ. Инфекцияның көзі де анықталмады", — деп жазылған хабарламада.


Айта кетейік, Қытай әлемде шошқа етін ең көп өндіретін елдердің қатарында. Африка шошқа обасы – аса қауіпті арулардың бірі. Бұл шошқаның жұқпалы вирустық індеті адамға қауіп төндірмейді, алайда ауыл шаруашылығы саласына үлкен зиян келтіреді. Өйткені жануарларды емдеу мүмкін емес. Індеттің таралуын тек қатаң карантиндік шаралар арқылы тоқтатуға болады.


Sputnik

 




Көрілген: 305    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.08.2018, 13:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31