Шартарап

Лотореядан миллиондап қаржы ұтатын математик немесе жолы болғыш әйел

  • © massaget.kz

    © massaget.kz

Жолы болғыш жандар жанымызда да кездеседі. Сәттіліктің серік болғанын бәріміз де қалаймыз. Алайда америкалық Джоан Гинтер секілді жолы болған жанды жолықтырмаған шығармыз.


Джоан Гинтер әлемдегі ең жолы болғыш жан саналады. Сәттілігінің арқасында оның есімі түрлі рекордтар кітабына да енген. Америкалықтың лоторея ойындарында төрт рет жұлдызы жанған. Төрт рет болғанда да аз көлемдегі қаржы емес, миллиондап ұтқан. Америкалықтың лотореядан тапқан табысы 20,4 миллион долларды құрайды.


Алғаш рет 1993 жылы 5,4 миллион доллар табысқа кенелген. Араға 13 жыл сала тағы 2 миллион доллар ұтқан. 2008 жылы – 3 миллион, 2010 жылы 10 миллион доллар ұтқанда жұрт оны алаяқ деп те ойлаған. Ал шын мәнінде ол алаяқ емес...


Америкалық басылымдардың бір тілшісі Джоан Гинтердің жеңісті жолын арнайы зерттеген. Тіпті алаяқ ретінде танытуға тырысқанмен, ешқандай дәлел келтіре алмаған.


Ал жолы болғыш әйелдің өзі жас кезінде Калифорния университетінде математик болған екен. Математика ғылымдарының докторы атағын да иеленген. Көбіне статистикамен айналысуға құмартқан. Статистикалық көрсеткіштеріне сүйене отырып, жеңіске жетуге тырысқанын да жасырмаған. Мұны ол заңға қайшы емес екенін тілшіге берген сұхбатында да айта кеткен.


Бір қызығы, соңғы ұтқан жеңісті үш билетін де өзі өскен өлкесінен (Бишоп) сатып алған.


massaget.kz


 


 




Көрілген: 718    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 16.10.2017, 12:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30