Шартарап

Мас күйеуінен терезе арқылы қашпақ болған әйел 3 жасар қызымен құлап кетті

  • Көрнекі фото Om1.ru

    Көрнекі фото Om1.ru

Ресейде 25 жастағы әйел ашулы күйеуінен қашып құтылу үшін үш жасар қызын алып, терезеден шықпақ болған. Ол төсек жаймаларын бір-біріне жақсылап байлағанымен, ауыр салмақты көтере алмай үзіліп кетеді. Абырой болғанда, әйел қызын құшақтай құлап, оған ешқандай зардап тигізбеген. Бұл туралы Mash Telegram-каналына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.


Екатеринаның күйеуі оны кішкентай қызы Алинамен қоса сабап келген екен. Әбден масайған азамат ашуға мініп, оларды өлтіремін деп қорқытқан.


Өзін және қызын құтқармақ болған әйел бөлменің есігін құлттап, барлық жаймаларды бір-біріне байлап, терезеден тастаған. Олар үшінші қабатқа дейін жоспар бойынша, бірқалыпты түседі.


Алайда жіп үзіліп кеткен соң, қамқор ана қызын құшақтап, бар ауыртпалықты өзіне алған.


Қазір Алина мен Екатерина ауруханада жатыр. Әйелдің жарақаттары ауыр болғандықтан, ол жансақтау бөлімінен әлі шықпапты. Ал Алинаға аса ауыр зардап келмеген дейді мамандар. 




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.09.2018, 11:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31