Шартарап

Мәскеу соты Жомарт Ертаевты босату туралы шағымды қарастырмақ

  • © Foto : ТОО

    © Foto : ТОО "Алма ТВ"

Мәскеу қалалық соты сәрсенбі күні Қазақстан халықаралық іздеу жариялап, Ресейде ұсталған "Bank RBK" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевты қамауға алуға қарсы шағымды қарастырады.


Сот отырысы Мәскеу уақыты бойынша 14:50-де (17:50 аст), деп хабарлады сот РИА Новости агенттігіне.


Мәскеу соты 11 мамырда кәсіпкерді тергеу абақтысына қамауға алудан бас тартып, Мәскеудегі пәтеріне үй қамаққа жіберген еді.


Ертаевтың қорғаушылары оны қамауға алмауды өтініп, кәсіпкердің Ресейдегі босқын статусын алуға арыз жазғанын, өйткені Қазақстанда қастандық жасала ма деп қорқатынын хабарлаған.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының орынбасары Асхат Жұмағалиев бұдан бұрын айтқандай, Ертаев РБК банкінен ақшалай қаражат қымқырды деген күдікке ілінген және оған қатысты қазақстандық тарап Ресей құқық қорғау органдарымен бірге экстрадиция мәселесімен айналысып жатыр.


Ертаевқа қатысты іс биыл наурызда ҚР ҚК 177-бабы 4-тармағы (алаяқтық) бойынша қозғалды, бір аптадан кейін кәсіпкерге халықаралық іздеу жарияланған. Бұл бап бойынша он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Ресей құқық қорғау органдары Ертаевты 8 мамырда "Москва-Сити" бизнес орталығы жанынан ұстады.


Sputnik


 


 




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.06.2018, 10:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31