Шартарап

Миының оң жағы жоқ адам сол бөлігі жоқ жанды тапты

  • Миының оң жағы жоқ адам сол бөлігі жоқ жанды тапты

    Миының оң жағы жоқ адам сол бөлігі жоқ жанды тапты

Миының жарты бөлігінен айырылып қалған британиялық және австралиялық азаматтар дос болып кетті. Бұл туралы Daily Mail жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.


24 жастағы ұлыбританиялық Льюис Анвин (Lewis Unwin) мен 20 жастағы австралиялық Аарон Пейнге (Aaron Payne) хемисфероктомия деп аталатын ота жасалған. Бұл ота адам миының жарты бөлігін алып тастайды не оның қызметін тоқтатады. Олар бірнеше жыл бұрын интернет арқылы танысқан. Жақында Льюис алғаш рет Австралияға барып, Ааронның үйінде бір апта болды.


Аарон кішкентай кезінде эпилепсияның ауыр түрімен сырқаттанады. Күніне 100-ден аса приступ болып тұрған. Ол басын қорғау үшін үнемі шлем киіп жүрген. Миының сол жақ бөлігін алып тастаған соң, приступ тоқтайды. Тек ол оқу және оң көзінің көру қабілетінен айырылып қалады.


Бұдан бөлек, денесінің оң бөлігі әлсізденеді. Бұған қарамастан ол хемисфероктомия отасын жасатқанына өкінбейді.


Льюис болса денесінің сол жақ бөлігіндегі тоқтаусыз судорогтардан құтылу үшін миының оң жақ бөлігінің қызметін тоқтатып тастауға келіседі. Отадан кейін оның қимыл-қозғалысы тежеледі. Отаның жасалғанына алты жыл өтсе де, ол аяқ киімінің бауын байлай алмайды. Бірақ Льюис оқи алады және оның көзі жақсы көреді. Аарон және Льюис кездескен кезде екеуінің ұқсастықтары көп екеніне таң қалады.


«Ол банканың қақпағын тура мен сияқты ашады», - деді Льюис.




Көрілген: 638    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.01.2018, 14:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31