Шартарап

Мынау тағы не деп оттап жүр

  • © 24СМИ

    © 24СМИ

Тәжікстанда сапармен жүрген Ресейдің Либералды-демократиялық партиясының (ЛДПР) лидері Владимир Жириновский тағы да аузына келгенді айтты.


Онымен бірге мемлекеттік думаның 20 депутаты барған.


Владимир Жириновский таяу уақытта ЛДПР думаға «Ресей аумағында Тәжікстан азаматтарының ерекше мәртебесі жөніндегі» заң жобасын ұсынатынын мәлімдеді.


Оның айтуынша, Тәжікстанда жұмыс күші көп, ал Ресейде ақша көп, екі ел осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек.


«Біз Душанбеде болашақ еңбек мигранттарына арналған арнайы мектеп салуды жөн көрдік. Бұл мектепте тәжік жастары орыс тілін және арнайы мамандықты игеретін болады. Кейін кез келген жұмысқа орналаса алады», — деді Жириновский.


Ресей саясаткері әлі де Ресейдің Ортаазиялық федералды округы құрылу керек деген пікірде. Оның астанасы — Алматы болу керек дейді.


Оған Орталық Азия елдері ерікті түрде қосылу керек деп есептейді.


«Қытаймен, Еуропалық одақпен, Ресеймен бәсекелес болу үшін, мұндай құрылым құру маңызды», — дейді саясаткер.


Сондай-ақ Владимир Жириновский Мәскеуге оралған соң, Федералды қауіпсіздік қызметіне Тәжікстанның Ауғанстамен шекаралас аймағына 2-3 километр «өлі зона» салуға өтініш жасаймын дейді.


«Осыдан кейін бірде-бір террорист, контрабандист шекараны бұза алмайды»,- деген сенімде саясаткер. 




Көрілген: 4429    Пікірлер: 0

жұма, 02.11.2018, 12:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30