Шартарап

Нью-Йорк: Лаңкестік әрекетті «Ирак пен Левант» тобы жасағаны мәлім болды

  • © РИА Новости

    © РИА Новости

Нью-Йоркте ер адам жүк көлігімен көшедегі жұртты қағып, артынша мектеп автобусына соғылды. Салдарынан 8 адам көз жұмып, тағы оннан астамы жараланған.


Марқұмдар арасында Бельгия және Аргентина азаматының бары анықталды.


Ал оқиға орнына келген полицейлер қаскөйге оқ атып, оны жаралаған.


«Си-Эн-Эн» телеарнасының хабарлауынша, қастандықты 29 жастағы Орталық Азия тумасы жасаған. Тексеру кезінде жүк көлігінің ішінен хат табылған. Онда шабуыл атышулы «Ирак пен Левант» лаңкестік тобының атынан жасалғаны жайлы жазылған.


Жергілікті билік болған оқиғаны лаңкестік әрекет деп атады.


Ал еліміздің сыртқы істер министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, қаза тапқандар мен жара шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.


Джоси Лиз, куәгер:


– Біз көліктің жанынан ер адамды көрдік. Оның қолында қаруға ұқсас зат болды. Қатты қорқып кеттік. Жұрт жан-жаққа бытырай қаша жөнелді. Уолтер Уикисер, куәгер: – 2011 жылғы лаңкестік әлі біздің есімізде. Енді міне мына қастандық. Мен күнде осы жолмен жүремін. Бізді не күтіп тұрғанын білмейміз. Енді ұялы телефонға үңілмей, сақ болуға тура келеді.


24.kz

 




Көрілген: 270    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 01.11.2017, 09:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30