Шартарап

"Ол тірі": Майкл Джексонның табыты түсірілген видео қызу талқыға түсті (видео)

  • © azra.ba

    © azra.ba

Майкл Джексонның жиені Ла Тойяның әншінің туған күнінде кесенесінің ішінде түсірген видеосын табынушылары әлеуметтік желіде қызу талқылауда. Майкл Джексонның құлыптасында оның есімі жазылмаған екен. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Джексонның табынушысы қосымша пікірлер жазылған видеоны Youtube-ке жариялаған.


Пост авторының пікірінше Джексон құлыптасында атының жазылмауы оның ішінде әншінің денесі жоқ екенін дәлелдейді.


"Табыттың ішінде ештеңе жоқ. Оның өлгенін растайтын құжаттар да, мәйітті сойып-ашып көру нәтижелері де күдік туғызады. Ол шындығында өлген жоқ", - деді пост авторы.



Посттың астына жазылған пікірлер де Джексонның табынушылары арасында осы болжамды құптайтындардың көп екенін көрсетеді.


"Дұрыс айтасыз! Егер оны осы жерге жерлесе, неге ештеңе жазбаған?", "Оның тірі екеніне сенемін", - деп жазған табынушылары.

Майкл Джексонның өлімінің жалған екенін табынушылары бұрын айтып, тіпті дәлел де келтірген болатын. Олар құжаттардағы сәйкессіздікті мысалға келтірген. Мысалы, полицияның мәліметтер базасында әншінің өлімі тіркелмеген және қайтыс болу туралы куәлікте қателер жіберілген.



Айта кететін жайт, Майкл Джексонның таспалары соңғы кездері көптеп сатылып, бұрын-соңды болмаған рекордтарды орнатқан. Оның өлімі жалған деген ақпарат осыған байланысты өршіп тұр. Соңғы жылда әнші 400 миллион доллар тапқан. Алты жыл қатар әнші қайтыс болған байлардың тізімінде көшбастап тұр. Поп музыка патшасының әндерін иелену құқы EMI Music Publishing, Mijac Music және Sony компанияларына тиесілі.


 




Көрілген: 2254    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 17:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30