Шартарап

Өлім жазасының жаңа түрі сынақтан өтеді

  • © islam.kz

    © islam.kz

Әлемдегі ең демократиялы ел саналатын АҚШ-тың үш бірдей штатында, атап айтқанда, Оклахома, Миссисипи және Алабамада көп ұзамай өлім жазасының жаңа түрі сынақтан өткізілмек.


Дәлірегі, өлім жазасына кесілген қылмыскерді азотпен мәжбүрлеп тыныс алдырмақ. Ең ауыр жаза түріне жататын өлім жазасының өзі "түрленіп", "жетілдіріліп" келеді. Бұған ауыр қылмыстардың жиілеуі себеп болып отыр. Заңға бағындыру үшін аталмыш штаттардың билігі осындай қадамға баруға мәжбүр.


Қылмыскерді ату жазасына кесу - көп жанын қинамай өлтіру болғандықтан қылмыскерлер айылын жимайды. Швейцариялық Le Temps мерзімді басылымы жазғандай, мұндай өлтіру тәсілі малды соярда қолданылған екен.


Сондай-ақ, аталған штаттардың билігі мұндай қатал тәсілге адамды өлтіретін иньекцияның тапшылығынан барып отыр. Өйткені, өлім жазасына қарсы Еуропа елдері, соның ішінде еуропалық фармацевтикалық компаниялар АҚШ-қа байкот жариялағандықтан осындай қадамға барып отырғандарын айтып, ақталып бағуда.


Десе де 2016 жылы The New York Times ақпарат көзінде азотты жарнамалаған еуропалық фармацевтикалық компания өкілдерінің сөзіне қарағанда, азоттан адам қиналмай өледі. Бұл тәсіл қолданылған жағдайда, адам азотты қабылдаған соң төрт минуттан кейін жан тапсырады.


Десе де сарапшылар азот ингаляциясының көмегімен өлтірудің қаншалықты қылмыскерді қинайтынын әрі қаншалықты тез өлетінін дәп басып айты алмай отыр.  


islam.kz




Көрілген: 876    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.09.2018, 11:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31