Шартарап

Отыз әйелге қасақана ВИЧ жұқтырған жігіт 24 жылға сотталды

  • © NOTIZIE.TISCALI.IT

    © NOTIZIE.TISCALI.IT

Италиялық бухгалтер Валентино Таллуто адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ) 30 әйелге қасақана жұқтырғаны үшін 24 жылға сотталды, деп жазды Русская служба Би-би-си.


33 жастағы ер адамға 2006 жылы ВИЧ диагнозы қойылған, содан бері ол кем дегенде 53 әйелмен қорғанбай жыныстық қатынасқа түскен. Олардың арасында 14 жастағы қыз да болған.


Тергеудің мәліметінше, бухгалтер өз құрбанын әлеуметтік желілер мен сайттардан іздеген. Ол 2015 жылдың қарашасында қамауға алынды.


Сот процесінде Таллутоның адвокаты өз клиентінің әрекеті қауіпті екенін, алайда оның ойында бөтен ниет болмағанын айтты.


Індетке шалдыққан әйелдерден тағы үш еркек пен бір бала қауіпті вирусты жұқтырғаны анықталып отыр.


Прокурор Елена Нери айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Судьяға үкім шығаруға он сағаттан астам уақыт кетті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, судья үкімді оқып жатқанда ВИЧ жұқтырған әйелдер жылап тұрған. 


baq.kz




Көрілген: 696    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 28.10.2017, 16:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30