Шартарап

Өз-өзіне қол жұмсаған қыздың әкесі: Жерлеу рәсіміне тек кінәлілер келсін!

  • Ⓒlife.ru

    Ⓒlife.ru

14 жастағы Эми Эверетт аустарлиялық Akubra брендінің моделі болды. Жарнама беттеріндегі жүзі жарқын қыз шынайы өмірде қатты қиналған. Оған себеп Эмиді мазаққа айналдырған интернет-тролльдер болды. Нәтижесінде қыз өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Daily Mail жазады.


Қайтыс болған қыздың ата-анасы жерлеу рәсіміне қызын ренжітіп, мазақ еткен кінәлілерді шақырмақшы. Қызды ғана емес, оның жақындарын да қалай қорлағанын кінәлілерге көрсетпек болды.


«Кей адамдар үшін суицид жасау – қорқақтық болар. Бірақ менің қызымды қорлағандардың ешқайсысы батыл емес, соған көзім анық жетеді. Қызым өмірдегі жауыздыққа шыдай алмады, қашып кеткісі келді.


Егер кездейсоқ болсын, менің жазбамды тыңдағандардың ішінде кішкентай ғана бүлдіршіннің өліміне кінәлілер болса, өтініп сұраймыз, жерлеу рәсіміне келіңіздер! Өздеріңіздің қандай қылмыс жасағандарыңызды көріңіздер!», - деді қыздың әкесі.


qamshy.kz




Көрілген: 953    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.01.2018, 14:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31