Шартарап

Өзбек шенеунігі жастарды қымбат кортежден түсіріп, таксиге отырғызды

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Өзбекстанның Жастар одағы Орталық кеңесінің төрағасы Кахрамон Куранбаев журналистермен кездесуінде Андижан, Ферғана және Мананғанға жасаған сапары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды kun.uz.


Осы сапарларының бірінде ол көшеде кетіп бара жатқан кортежді тоқтатып алып, жастарды таксиге отырғызып қойған.


"Кортеждің басқа көліктерін кері бағытта жүруін бұйырдым. Мұндай қымбат жағдай көшелерде әрқайсымызға ыңғайсыздық туғызады. Бұл ісім үшін мені жеккөріп кетсе де, маған бәрібір, себебі тәртіп керек. Жастарды дұрыс тәрбиелей алмасақ, Жастар одағы тәрбие бере алмаса, біз орнымызды босатайық", - деді Куранбаев.


Осыдан кейін Интернетте және әлеуметтік желілерде шенеуніктің әрекеті қызу талқылана бастады. Оқиғаға қатысты пікір білдірген Куранбаев күйеу жігіт пен қалыңдыққа түсіндіріп, заң аясында жұмыс істеген айтты. Сондай-ақ, ол ішкі істер органдарынан кортеждің жағдайымен айналысуды сұрады.



Жастар қозғалысының лидері жастардың қарсы болмағанын және "үлгілі" той өткізілгенін айтты. Түсінбеушілік пен көңіл толмаушылық болған жоқ, дейді шенеунік. Ал мұның алдында Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзиеев мемлекеттік шенеуніктер қатысатын той шараларын сынға алған еді.


"Премьер-министрлерге, хокимдерге, атқарушы билік өкілдеріне тойға баруға тыйым салынады. Мемлекеттік қызметтегі көліктерді шайханалардың маңында көретін болсам, жұмыстан қуып, қылмыстық жауапкершілікке тартқызамын", - деп мәлімдеген еді Мирзиеев. Сол кезде өзбек басшысы тойдағы тәртіпті реттейтін қаулы шығарылатынын айтқан.


Тengrinews.kz 




Көрілген: 394    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.06.2018, 14:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30