Шартарап

Педофилдерге арналған бала кейпіндегі секс-қуыршақтар әлемді дүр сілкіндірді (фото)

  • © pure-t.ru

    © pure-t.ru

Педофилдерге арналған балалар кейпіндегі секс-қуыршақтарды шығаруды ұсынған зерттеушілер әлем жұртшылығын дүр сілкіндірді. Бұл туралы NUR.KZ порталы pure-t.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.


Бірқатар зерттеуші ғалымдар балалар арасындағы зорлықты азайту мақсатында бүлдіршін кейпіндегі секс-қуыршақтар жасауды ұсынды.


Олар педофилдер балаларды емес, қуыршақтарды жаман ойын асыруға пайдалану арқылы қылмыстан аулақ болады деген пікірде.


Тіпті бұл ұйғарымдарын тексеру мақсатында арнайы зерттеу жүргізбек ниетте.


"Бізге жауабы әзірге белгісіз. Дегенмен педофилдердің бір қылмысқа қайта баруы - өршіп тұрған мәселе. Технологиялардың көмегімен оларды тоқтатудың барлық амалын қарастыруымыз керек", - дейді Джорджия штатындағы технологиялық институттың профессоры Рон Аркин.



Дегенмен қуыршақтар, керісінше педофилдер санын арттырады деп санайтындардың қарасы басым. Олар адамгершіліктен ада болған азғындарды қуыршақтар тоқтатудың орнына жаңа қылмысқа итермелей түседі деуде.


Сол арада балалар кейпіндегі секс-қуыршақтарды шығару Қытай мен Жапонияда қолға алынып, әлемге тарап үлгерді.


Кей елдер бұл жайттың алдын алу үшін бала кейпіндегі секс-қуыршақтарға заңмен тыйым салып, оларды дер кезінде тәркілеп жатыр. 




Көрілген: 956    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.01.2018, 20:40

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30