Шартарап

Польшада шіркеу қызметкерлері ұзақ жылдар балаларды зорлап келген

  • Католик шіркеуі. Көрнекі сурет.

    Католик шіркеуі. Көрнекі сурет.

Польшада католик шіркеуі өз қызметкерлерінің кәмелет жасына толмағандарды зорлауы немесе азғындық әрекеттер жасауы жайлы баяндама жариялады.


Шіркеудің дерегінше, соңғы 30 жылда Польшада мұндай 600-ден аса жағдай тіркелген. "Зорланды" делінген балалардың жартысынан көбі он бес жасқа толмаған. Зорлыққа қатысы бар деп 400 дін қызметкері күдікке ілінді.


Баяндамада расталмаған зорлау оқиғалары есепке алынған.


2018 жылы желтоқсанда польшалық "Қауіптенбеңдер" ұйымы шіркеулердегі педофилия жайлы БАҚ-тағы хабарларға негізделген зерттеу жариялаған. Белсенділер "384 жыныстық бопсалау жағдайын анықтағанын, шын мәнінде мұндай оқиғалар бұдан әлдеқайда көп" дейді.


Былтыр маусымда италиялық дін қызметкері және бұрынғы дипломат Карло Альберто Капелла балалар порнографиясын сақтағаны үшін бес жыл түрме жазасына кесілген. Ватикандағы сотта кінәсін мойындаған Капелла Ватиканның Вашингтондағы елшілігінде қызмет атқарған кезде жеке өмірінде күйзеліске түскенін айтқан.


azattyq.org


 




Көрілген: 286    Пікірлер: 0

жұма, 15.03.2019, 12:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Наурыз, 11:43
    Түрмедегі секта...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31