Шартарап

Путин жолаушылар ұшағын құлатуға қалай бұйрық бергенін айтып берді (видео)

  • © Baq.kz

    © Baq.kz

2014 жылы РФ президентіне Харьковтан Стамбұлға қарай бағыт алған ұшақты басып алғаны туралы хабар келген. Путин оны құлату туралы бұйрық берген. Алайда, бірнеше минуттан кейін ұшақты басып алу туралы ақпарат жалған екені анықталған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Корреспондент порталына сілтеме жасап.


2014 жылы Ресей президенті Владимир Путин бортында бомба бар деп хабарланған жолаушылар ұшағын құлатуға бұйрық берген. Бұл жөнінде «Путин» атты деректі фильмде айтылған.


Екі сағатқа созылған деректі фильмде РФ президенті 2014 жылдың 7 ақпанында Сочидегі Олимпиаданың ашылуы алдында оған қауіпсіздік қызметінің офицері хабарласып, Харьковтан Стамбұлға қарай ұшып бара жатқан ұшақтың басып алынғаны туралы хабарлаған.


Путиннің айтуынша, ұшақты басып алғандар оны Сочиге қондыруды талап еткен. Pegasus Туркия әуе компаниясының Boeing 737-800 лайнерінің пилоттары жолаушылардың бірінде бомба болғаны туралы хабарлаған.


«Ұшақ бортында 110 жолаушы болса, ойындардың ашылу салтанатына 40 мыңнан астам адам жиналған болатын», - деп жазады портал.


Путин қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерінен кеңес сұрағанда, олар төтенше жағдайлар жөніндегі іс-әрекеттер жоспары ұшақты құлатуды талап ететінін айтқан.


«Мен оларға жоспарға сәйкес әрекет жасаңыздар дедім», - деп еске алады Путин.


Президент осы бұйрығының артынша-ақ өзі Олимпиада ойындары өтетін орынға келген. Бірнеше минуттан кейін Путинге тағы қоңырау шалып, бұл жалған ақпарат екенін және әлгі жолаушы мас күйде болғанын, сол себепті ұшақ Түркияға алған бағытын жалғастырғанын хабарлаған.


 



Көрілген: 1916    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.03.2018, 17:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 15:11
    Күйеу жігітсіз өткен той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31