Шартарап

Ресей "дүниежүзілік" соғысқа дайындықты бастап кетті

  • Фото: facebook.commod.mil.rus

    Фото: facebook.commod.mil.rus

11 қыркүйек күні Ресей 300 мың адамды біріктіріп мемлекет тарихында болмаған ең ірі әскери-стратегиялық оқу өткізбек. НАТО ұйымы бұл әрекетті "ірі көлемдегі қақтығыстың" бастамасы деп болжауда. Бұл туралы segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.


Қытайлық және моңғолиялық сарбаздардың қатысуымен болатын "Шығыс-2018" оқу бағдарламасы 11-17 қыркүйек арасында Батыс Сібір мен ресейлік Қиыр Шығыста өтеді.


Бұл оқулар Батыс елдерімен арадағы қарым-қатынасқа, украиналық дағдарыс пен Сириядағы қақтығыстарға, сондай-ақ, батыс саясатына тоқтаусыз кірісуге байланысты ұйымдастырлмақ.


Ресей әскері бұл әрекеттерін "Батыс-1981" оқуларымен салыстырған. Осыдан 40 жыл бұрын бұл оқуға Шығыс Еуропадағы Варшава келісімі бойынша 100-150 мың адам біріктірілген еді.


"Бұл алдағы уақытта болатын "дүниежүзілік" соғыстың бастамасы. Ресей Қарулы күштерінің бас штабы аталған жағдай 2020 жылдан кейін болады деп отыр. Бұл ірі соғыс немесе аймақтық қақтығыстардың тізбегі болу мүмкін. Ал қарсылас АҚШ пен оның одақтас елдері болмақ", - деді ресейлік әскери маман Павел Фельгенгауэр.

Бұл ойды НАТО ұйымы да қолдап отыр. Олар "Шығыс-2018" оқулары ірі қақтығысқа жасалған дайындықтардың бірі деп топшылауда. 




Көрілген: 816    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.09.2018, 12:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 15:11
    Күйеу жігітсіз өткен той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31