Шартарап

Ресей суррогат аналардың астанасына айналып барады

  • Ресей суррогат аналардың астанасына айналып барады

    Ресей суррогат аналардың астанасына айналып барады

Ресейде суррогат ана болуға тыйым салынуы мүмкін, - деп хабарлай 24.kz.


Ресейлік депутаттар жасанды ұрықтандыру кезінде генетикалық ата-ана мен суррогат әйелдің репродуктивті технологиялар қолдануына қатысты заң жобасын талқылап жатыр. Саясаткерлердің пікірінше, Ресей суррогат аналардың астанасына айналып барады. Медицинаның бұл саласы жекешеленіп кеткен. Бұған заң арқылы тыйым салмаса, қара нарыққа айналып кетуі ғажап емес. Бұл елде осындай технология 2013 жылдан бастап заңдастырылған. Бұл қызмет түріне әлемнің көптеген елінде тыйым салынды. Мысалы, Франция, Швеция, Австрия, Германия, Норвегия, сондай-ақ АҚШ-тың кейбір штатында суррогат аналыққа мүлдем рұқсат жоқ. Ресей денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұнда осындай әйелдің көмегімен жылына алты жүзден астам бала дүниеге келеді екен. Алайда бұл заңды түрде тіркелгені ғана.


Владислав Мельников, суррогат ана орталығының директоры: - Менің білуімше, жылына үш жарым мыңға жуық бала суррогат ана көмегімен дүниеге келеді.


Людмила Айвар, «Ресейлік әйелдер құқығын қорғау» қозғалысының төрағасы: - Егер біз суррогат аналыққа тыйым салсақ, көптеген бала сүйгісі келетін жұптарды бақытынан айырамыз. Біздің қоғам – дамыған әрі осындай медицинасы мықты қарыштаған елміз. Сондықтан адамға бала сүюге мүмкіндік беруіміз қажет сияқты.




Көрілген: 506    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.04.2017, 15:04

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30