Шартарап

Саакашвилиді 15-ке жуық полицей шашынан сүйреп шығарды (видео)

  • © Вaq.kz

    © Вaq.kz

Киевте Одесса облысының бұрынғы губернаторы Михаил Саакашвилиді он бес шақты адам ұстады. Осы сәтті «Сулугини» мейрамханасындағы бақылау камераларының видеосынан көруге болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.


Видеоны «Зрада чи Перемога» Telegram-арнасы жариялады.


Кадрдан бетперде және камуфляж киген 14 адамның ресторанға жүгіріп кіріп, Саакашвилиді жерге жатқызып қолын байлап, кейін шашынан тартып шығарғанын көруге болады.


Бұдан соң Саакашвили украиналық қаруланған топты фашистерге теңеді. Ол өзіне дөрекілік танытты деп есептейді.


12 ақпанда Украинаның шекара қызметінің арнайы өкілдері Саакашвилиді ұстап, тікұшақпен Борисполь әуежайына әкелді. Кейін Украина азаматтығынан айрылған саясаткерді Польша астанасына ұшатын ұшаққа отырғызды.



 




 




Көрілген: 786    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 13.02.2018, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28