Шартарап

Саудия астанасының іргесінде баллистикалық зымыран жарылды. 11 ханзада тұтқындалды

  • © tigrotour.kz

    © tigrotour.kz

Сауд Арабиясында билік тізгінін ұстаған әулеттен 11 ханзада, қазіргі үкімет құрамынан 4 министр, сондай-ақ, ондаған бұрынғы министрлер тұтқындалды. Олардың қолына кісен салуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комитет пәрмен берген.


Бұл жайында "әл-Арабия" телеарнасы хабар таратты.


Айта кетейік, коррупциямен күрес комитеті корол Салмен бен Әбдіәзіз әл Саудтың жарлығымен жуырда құрылған болатын. Аталған комитет өкілдері парақорлық пен жемқорлыққа шатылған жоғарғы лауазымды тұлғаларды тергеуге, тексеруге, тұтқындауға, шетелге шығуға тыйым салуға, қылмыскерлердің дүние-мүлкін, есеп-шоттағы қаржысын қадағалауға, қажет жағдайда бұғаттауға, тәркілеуге құқылы.


Саудиялық "Ажил" ақпарат көзінің таратқан хабарына қарағанда, билік басындағы отбасы мүшелерінің бірі қару сату жөніндегі заңсыз мәмілеге қол қойған, тағы бірі ақша жымқырғаны үшін тұтқындалған.


Тұтқындалғандар арасында монархтың жиені, миллиардер, ханзада әл-Уәлид те бар. Төмендегі суретте:



Осы аралықта сенбіде Саудия әскерилері ел астанасы - Ер-Рияд қаласының солтүстік-шығысында баллистикалық зымыранды жойғандарын мәлімдеп жатты. Ал "әл-Арабия" ақпарат көзінің мәліметінше, баллистикалық зымыран Йемен жақтан атылған.


islam.kz


 




Көрілген: 301    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 12:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30