Шартарап

Саябаққа келген әйел бағалы алмаз тасын тауып алды

  • Саябаққа келген әйел бағалы алмаз тасын тауып алды

    Саябаққа келген әйел бағалы алмаз тасын тауып алды

Американың Арканзас штатындағы «Алмазды кратер» саябағына асыл тастар іздеуге келген 71 жастағы әйел 10 минут ішінде 2,63 каратты алмаз тауып алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.


Колорадо штатының тұрғыны асыл тастарды іздеуге отбасымен бірге келіпті, олардың қатарында жұбайы, ұлы және екі немересі болған. Дегенімен 7 жастағы әйелдің ғана жолы болған, ол жерден шағын аппақ тасты көрген. «Жердегі тасты алып бетіндегі топырақты тазарттым, алайда оның алмаз екенін білген жоқпын» -дейді ол. Одан кейін бәрі жамылып бір сағаттай іздеген, бірақ бағалы ештеңе таба алмапты.


Тапқан олжаларын жергілікті зерттеу орталығына апарып көрсеткенде, оның таза алмаз тасы екені анықталған. Саябақтың қызметкері Вэймон Кокс табылған асыл тасты былай деп сипаттады: «Ол ақ алмаздың көлемі бұршақтың дәніндей, пішіні қолдың тырнағы сияқты. Беткі қабатында қоңыр секпіл сияқты дақтары бар, сонысымен әдемі көрінеді». Оның айтуынша, келушілер тапқан алмаздардың көбі жердің беткі қабатында жатқан.


Саябақ орналасқан жерде бұрын жанартау атқылаған. Бұл әлемдегі көпшілікке қолжетімді жалғыз кен орны. 1990 жылы ол жерден түссіз Строун-Вагнер алмазы табылған. Саябақ 1972 жылы ашылған, сол сәттен бері 33 мыңнан аса бағалы тастар табылыпты.




Көрілген: 457    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.10.2018, 11:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31