Шартарап

Секс-қуыршаққа тапсырыс берген жігіт соттың алдынан бір-ақ шықты

  • Көрнекі фото: dailyasset.ng

    Көрнекі фото: dailyasset.ng

Британдық азамат жалғыздық сезімінен құтылмақ болып, Қытайдан секс-қуыршаққа тапсырыс берген. Алайда ол өте кішкентай болып шыққан деп хабарлайды korrespondent.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.


29 жастағы Натан Уоттс қуыршаққа тапсырыс беремін деп, басы дауға қалды. Шекара қызметкерлері ойыншықты тексере келе, оны педофилдерге арналған деп шешім шығарған. Сонымен аталмыш іс сотқа өтіп, азамат төрешінің алдынан бір-ақ шыққан.


Жігіттің айтуынша, ол қытайлық сайттардың бірінде сатылып жатқан қуыршақты ұнатып қалып, оған тапсырыс беремін деп шешкен. Тіпті үлгінің сипаттамасына да мән бермедім дейді.


Натан ойыншықты сатып алу үшін 1000 фунт (шамамен 500 мың теңге) сарп еткен. Алайда оның бойы небәрі 130 сантиметр болып, түрі кішкентай сәбиге ұқсайтын болып шығыпты.


Алғашында төреші Натанның айтқанына сенбегенімен, тексеру нәтижесінде оның педофилизмге қатысы барын айғақтайтын ешбір дәлел табылмаған. Сонымен жігіт сот залынан босап шықты.


 




Көрілген: 752    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.09.2018, 20:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31