Шартарап

Селфи жасамақ болған әйел 27-ші қабаттан құлап кетті

  • Көрнекі фото: pxhere.com

    Көрнекі фото: pxhere.com

Сандра Мануэла Да Коста Масед есімді португалиялық азаматша селфи жасаймын деп 27-ші қабаттан құлап кетті. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.


Мұғалім болып жұмыс істейтін Сандра жуырда Панамаға көшіп келген екен.


Ол Панаманың көрнекі жерлерін тамашаламақ болып Luxor Tower ғимаратының 27-ші қабатына шығып, селфи жасаған.


Әдемі кадр үшін әйел адам балконның үстіне шығып, суретке түсуді көздепті. Алайда, кенеттен тепе-теңдігін жоғалтқан ол төмен құлап кетеді.


Тұрғындардың айтуынша, қарсы беттегі ғимараттағы құрылысшылар оған ескерту жасап, райынан қайтармақ болған.


"Мен осы ғимаратта тұрамын. Ол бірнеше минут селфи жасады. Қарсы беттегі ғимаратта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Ондағы құрылысшылар оған "абайла" деп айғайлады. Ол балконның шетіне отырып селфи жасады, сосын төмен құлап кетті", - деді куәгер Эрик Альзате.

Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде. Олар әйел адам қатты желдің кесірінен тепе-теңдігін жоғалтты деген болжам жасап отыр.


Сандраның артында екі баласы қалды.




Көрілген: 258    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.11.2018, 12:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30