Шартарап

Шешесінің диетасының салдарынан сәбиі аштан өле жаздады

  • © komarik.co

    © komarik.co

Анасы тек сұлы жармасынан жасалған ботқаны жеп келген. Ресейдің ТК басқармасы хабарлағандай, әйелге қатысты "Қауіпті жағдайға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Жасқа толмаған баланы дистрофия жағдайында аурухана жеткізді. Оның анасы босанған соң семіріп кеттім деген сылтаумен қатаң диета ұстап, балаға тамақ бермей, тек емізе берген. Өзінің де әлі құрыған әйел ақыры баласына тәулігіне бір рет қана омырау сүтін беріп жүріпті.


Петербор бойынша балалар омбудсмені Светлана Агапитова баланың әкесі үйлерінде тек сұлы үлпегі мен балық сүйегі қайнатылған сорпаға сүт қосып ішіп жүргенін айтты деп мәлімдеді.


Бұл отбасы бұрын да дәрігерлер назарына ілігіпті. Жоспарлы тексеру кезінде үйлері лас екені және бір айлық нәрестенің салмағы артылмағаны анықталған. Олар әлеуметтік қорғау комитетіне де хабар беріпті. Бірақ ата-анасы дәрігерлердің кеңесіне құлақ түрмеген.


Нәресте жан сақтау бөлімінде 4 күн жатып, қазір ортақ палатаға ауыстырылды. Баланы әке-шешесіне қайтармау мәселесі шешіліп жатыр.


ktk.kz 




Көрілген: 328    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.09.2018, 09:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 15:11
    Күйеу жігітсіз өткен той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31