Шартарап

Ішімдікке тойып алған прапорщик 24 солдатты соққыға жықты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Таш-Құмыр қаласында ішімдікке сылқия тойып алған прапорщик 24 солдатты соққыға жықты.


Бұл туралы «Кабар» агенттігі Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық орталыққа (ААҰО) сілтеме жасап хабарлады.


Мәлім етілгендей, ААҰО-ға Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімінде 24 сарбаз соққыға жығылғаны туралы ақпарат түскен.


«Бізге ақпарат түскеннен кейін, мән-жайды анықтау үшін өкілімізді жібердік. Солдаттардың сөзінен белгілі болғандай, 10 маусым күні таңғы сағат 5-те ішімдікке тойып алған прапорщик кіріп келіп, сарбаздарға әлімжеттік көрсете бастаған - денелерін жерге тигізіп, көтерткен, жатқызып қойып ұрған, соққылар жасаған», - деді орталық директоры Нурдин Сулайманов.


9 әскери қызметшінің иегінің асты жыртылған. Олардың кейбіріне тігістер салу қажет болған.


Прапорщик 48 сағатқа қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның тергеп-тексерілуін Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі өз бақылауына алды.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 625    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.06.2018, 09:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31