Шартарап

Швейцарияда ауыл тұрғындарына ай сайын 2500 доллардан таратылады

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

Швейцариядағы Рейнау ауылында эксперимент ретінде тұрғындарға қайтарымсыз ақша таратылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Süddeutsche Zeitung газетіне сілтеме жасап.


Бұл эксперимент ақша пайда болғаннан кейін адамдар өзін қалай ұстайтынына бағытталған. Жобаның авторы режиссер Ребекка Пэниан болды. Ауыл тұрғындарының көбі бұл экспериментті құптап, дауыс берген. Рейнау тұрғындарына ай сайын 2 500 швейцариялық франк яғни 2 584 АҚШ доллары көлемінде төлем жасалмақ.


Бұл әлеуметтік тәжірибеге ақшаны краудфандинг арқылы жинау жоспарланып отыр екен. Екі жыл бұрынғы республикалық референдумда швейцариялықтар "жеңіл ақшаға" қарсы болған. Алайда, жобаның авторлары жұрттың әлеуетін арттыратынын айтып, мәлімдеген.


Мұндай тәжірибе осыған дейін Намибия мемлекетіндегі Виндхука қаласында жасалған. Төленген ақша он еуро болса да, жоба қатысушылары өз бойынан талантты аңғарып, халықтың табысы 29 пайызға дейін өсіп, жұмыссыздық екі есеге дейін қысқарған.


Дәл осындай жетістікке 2011 жылы Үндістан мемлекеті де жеткен. Таңдап алынған бірнеше ауылдың экономикалық белсенділік көрсеткіштері айтарлықтай өскен екен.

 




Көрілген: 254    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.09.2018, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31