Шартарап

Шымкентте туып, Американы бағындырған қазақ жігіті туған жеріне келді

  • Шымкентте туып, Американы бағындырған қазақ жігіті туған жеріне келді

    Шымкентте туып, Американы бағындырған қазақ жігіті туған жеріне келді

Оңтүстіктің жігіті Нью-Йорктің үздік полицейі атанып, қазір осы жақта жұмыс істеп жүр. Ісіне деген тиянақтылығы оның мерейін өсірді. Әріптестерінің құрметіне бөленген Димаш Ниязов Наурыз мейрамына орай туған жеріне келіп, ауқымды жоспарларымен бөлісті. Тіпті америкалықтардың қорғаушысына айналған Димаш енді Астанадан бокс клубын ашуды жоспарлап отыр.


"Бәйтеректей" биік, арманы асқақ Димаш туған жерінің ауасын жұтып, Астананы аралап жүр. Ол Америкада ғана емес, Қазақстанда да танымал. 13 жасында отбасымен мұхит асып, Нью-Йоркке көшіп кеткен қазақ жігітінің осында бағы жанды. Димаш қазір алып шаһардың полицейі.


Тіпті жақында ірі есірткі тасымалдаушыларды ұстап Нью-Йорктың үздік полицейі атанған.


Димаш Ниязов:


- Жұмыс өте ауыр. Негізінен, көшені аралап, қауіпсіздікті қадағалаймын. Тіпті, маған тапаншадан оқ атқан кездер болады. Бірақ, мен ешкімге қару кезенген жоқпын. Жемқорлық деген атымен жоқ. Халық бізге қорғаушысы ретінде қарайды.


Димаш Ниязовтың жұмысы ауыр болғанымен, жалақысы жоғары екен. Теңгеге шаққанда айына алатыны 3 миллион. Ал, қазақ елінің полицейлері үшін мұндай айлық әзірге арман ғана. Сондай-ақ, Димаш тек полицей ғана емес, Америкада танымал кәсіпқой боксшы. Әзірге 10 жекпе-жек өткізіп бәрінде жеңіске жеткен. Енді Астанада әкесімен бірге бокс клубын ашуды жоспарлап жүр.


Димаш Ниязов:


- Боксшы болған да полицей болғанда ұнайды. Осы жұмыста жүріп, кәсіпқой рингте үлкен жетістікке жеткім келеді. Жаттығатын залға Қазақстанның туын іліп қойғанмын. Жалпы, қазақ елінің боксшыларын Америкалықтар өте қатты құрметтейді.


Сәті түссе, Димаш жазда Астанада әлемнің атақты боксшыларымен қолғап түйістіруді жоспарлап отыр. Оның үстіне шымкенттік жігіт жақында үйленіп дүркіретіп той жасамақшы. Келін Словакиялық Дженифер есімді бойжеткен. Жырақта жүріп, қазақ тілін ұмытса да, туған жерім мәңгі жүрегімде дейді Қазақстанға оралуды да соңғы уақытта жиі ойлайтын болған.




Көрілген: 831    Пікірлер: 0

жұма, 17.03.2017, 22:22

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30