Шартарап

Сиқыршы қауіпті трюк жасаймын деп қазанда күйіп қайтыс болды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Малайзияда даос гуруы қазанда көп уақыт бойы болатын трюк жасаймын деп, күйіп өлді, - деп хабарлайды Star.


Қайғылы оқиға 23 қазанда кешкі уақытта Перак провинциясындағы Айер-Тавар қаласында Тоғыз Император-Құдайдың мерекесіне арналған салтанатты шара кезінде болған. 65 жастағы Лим Ба қазанның үстіне шыққан, осы кезде көмекшілер үстіне қақпағын жауып, астына от жағады. Алайда жарты сағат өткенде ізбасарлары оның тыпырлап, қазанды соққылап жатқанын естіген.



Ер адамды дереу шығарып алған көмекшілері оның ессіз күйде екенін анықтаған. Гуру ауруханаға жеткізілгенде дәрігерлер оның жүрек талмасы ұстап, қайтыс болғанын тіркеген. Лим Баның денесін екінші деңгейлі күйік шалғаны белгілі болған. Басылымның мәліметінше, Лим Ба бұл қауіпті трюкті соңғы 10 жыл бойында сәтті орындап келгенін жазады. Оның ыстық қазан ішінде 75 минутқа дейін отырғаны айтылады. Қызының айтуынша, әкесі трюк алдында өзін жайсыз сезініпті, бірақ айтқанынан қайтпапты.


Тengrinews.kz

 




Көрілген: 696    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 26.10.2017, 11:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30