Шартарап

Содырлар сойқан салатын келесі ел аталды

  • Ⓒqamshy.kz

    Ⓒqamshy.kz

Әлем әлі үрей құшағында. Сирия мен Ирак жерінде азаматтық соғыс жүріп жатыр. Тыныштық жоқ. Санасы уланған содырлар адам баласының қанын судай ағызуда. Лаңкестік әрекеттен құрбан болғандардың жазығы жоқ, әрине. Бірақ содырлардың салған сойқанынан адамзат қашан құтылады? Бұл жалпы әлем үшін алаңдайтын жағдайға айналып отыр. Үрей бар.


Осы аптаның басында АҚШ-тың National Interest басылымы ДАИШ содырларының құрбанына айналатын келесі елді атады. Ол қандай мемлекет? Басылымның жазуына қарағанда, Иордания елі содырлар шабуыл жасайтын келесі елге айналмақ. Мұның себебі неде? Неге басқа емес, Иордания аталып отыр? Сарапшылардың сөзіне назар аударсақ, ДАИШ лаңкестеріне қатысты қазір Иордания билігі өте қатал саясат ұстанып отыр. Оның үстіне қазіргі кезде Сирия мен Ирак аймағында Иорданияның үш мыңнан астам адамы соғысып жүр. Ал олар елге оралса, қазіргі билік ешкімді кешірмейді. Соттайды, ату жазасына кеседі. Бұл бір. Екіншіден, қазіргі кезде елде әлеуметтік-экономикалық жағдай өте ауыр. Жұмыссыздық көп. Биліктің басқаруы әлсіз. Діни экстремистік ұйымдардың белсенділігі артып барады. Мұндай жағдайды лаңкестер тиімді пайдалануы иүмкін.


Кейінгі кезде Ирак жерінде соғысып жатқан содырлар да жеңіліске ұшырады. Сондықтан олардың барар жері, басар тауы жоқ, Амалдың жоғынан олар елге оралады. Мұндай жағдайда лаңкестер мемлекеттің қауіпсіздігіне орасан зор қауіп тудырады.


Қазіргі таңда Иорданияда шамамен 9,5 миллион адам тұрады. Ал Сирия жерінен қашқан босқындардың саны 658 мың шамасында. Олардың да жағдайы мәз емес. Сондықтан олар да ақшаға жалданып, содырлардың сапына қосылып кетуі ықтимал.


018 жылдан бастап, Иордания аймағында діни экстремизим мен лаңккестік әрекеттер өршіп, қауіп күшейіп келеді. 2018 жылдың тамыз айында терактінің салдарынан төрт әскери адам қаза тауып, 16 тұрғын жараланды. Кейіннен бес содыр ұсталды. Олар тұратын пәтерден әртүрлі жарылғыш заттар табылған.


Қазір Иорданияда барлық қауіпсіздік шаралары жасалып жатыр. Бірақ лаңкестер ойламаған жерден шабуыл жасайды ғой. Демек, мұндай оқыс оқиға мен әрекеттің алдын алған да дұрыс. 


qamshy.kz




Көрілген: 495    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.11.2018, 12:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30