Сөмкесімен бірге рентгенге кіріп кеткен әйел жұртты күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)
Қытайдың Гуандун провинциясындағы темір жол станциясында жүгінен айырылғысы келмеген әйел сөмкесімен бірге рентгенге кіріп кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қауіпсіздік қызметіне сенбеген әйел сөмкесінде бағалы заттардың ұрлануын қаламағандықтан, оғаш әрекетке барған.
Ол сөмкесін өзімен бірге рентгеннен өткізуін талап етіп, жұртты күлкіге қарық қылды. Әйелдің сөмкесінде қомақты қаражат болған деген болжам бар.
Ал қызметкерлердің рентген сәулесі денсаулыққа зиян деген ескертпесі әйелді тоқтата қоймаған.