Шартарап

Сот барысында түсірілген жантүршігерлік видео жарияланды

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

АҚШ-тың Юта штатында сот залында түсірілген жантүршігерлік видео жарияланды, онда Crips көше бандасының мүшесі куәгерге шабуылдағаны, алайда арқасынан тиген оқтан құлап түскені көрінеді.


Сот орындаушы 25 жастағы Сиале Ангилауға оқ атуға мәжбүр болған, деп хабарлады The Sun.


Видеода адамдар сотталушыға "Тоқта, тоқта, тоқта!" деп айқайлағаны естіледі, алайда ол оны елемей, қолына қаламсап алып, куәгерге жүгіріп барады. Абырой болғанда, куәгер Сиаленің соққысынан қашып үлгерген.



Дегенмен, қаза болған жігіттің отбасының адвокаты офицердің үрейі ұшып кеткенін және күш қолданбауға да болатынын айтып отыр. Оның сөзіне қарағанда, сотталушыға үш оқ жерде жатқанда атылған. Сонымен қатар, сот залы полицейлерге толы болған. Адвокат куәгерге бар болғаны қаламсаппен зақым келтірмек болған Сиалеге қарусыз тойтарыс беруге болатын еді деп есептейді.


Сиале қылмыстық топтың тергеуге алынған 17 мүшесінің бірі болған. Оларға қастандық және қарақшылық шабуыл жасады деген айып тағылды. Ол бұл іс бойынша соңғы айыпталушы болған екен, қалғандары 10–30 жылға түрмеге тоғытылыпты.


 


Sputnik




Көрілген: 1558    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 21:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 15:11
    Күйеу жігітсіз өткен той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31