Шартарап

Тауда құлаған ұшақтағы спортшылар достарының етін жеп аман қалған

  • © Sputnik / Анатолий Устиненко

    © Sputnik / Анатолий Устиненко

1972 жылдың 13 қазанында спортшыларды Уругвайдан Чилиге алып бара жатқан ұшақ Анд шыңында құлаған. Жолаушылар апаттан кейін аман қалу үшін командаластарының етін жеуге мәжбүр болған.


Ұшақта отырған регби командасы болатын. Апаттан кейін 45 адамның 33-і тірі қалған. Ал бірнеше күннен соң ауыр жарақат алған тағы бесеуі көз жұмады. Тірі қалғандар құтқарушылар іздеп табады деп үмітін үзген жоқ. Бұл туралы prosports.kz жазды.


Жеңіл киініп шыққан спортшылар, сөйтіп, қар арасында қалды. Оның үстіне, тамақ аз, таулы аймақ болғасын тыныс алу да қиын. Бірақ құтқарушылар команданы іздеп таба алмады. Ал сегіз күннен соң радио арқылы іздеушілер тобы өз жұмыстарын тоқтатқанын естиді.


Қарындары ашып, тоңа бастаған кезде спортшылардың бірі, дәлірек айтқанда, Роберто Канесса тағам ретінде қайтыс болған әріптестерінің етін жеуді ұсынады. Басында бәрі бұл идеядан шошып кеткенімен, бірнеше күндік аштық не істетпейді? Канесса өз өмірінде алғаш рет адам етін кесіп жатқанда қолының қатты дірілдегенін айтады.


Апаттан 18 күннен кейін қар көшкіні болып тағы сегіз адам көз жұмады. Қармен оранған ұшақ енді жыли түсті, ал қайтыс болғандар тамаққа айналды. Апат болған күннен бір ай өткен соң бірнеше спортшы кеш батқанша қай жерге дейін барып үлгере алатындарын тексеріп көрмек болады. Сөйтіп жүріп, олар ұшақтың бір бөлігін тауып алады. Мұнда киім толы чемодан, аккумулятор мен аз ғана тәтті тағамдар болады. Спортшылар рацияны жөндеуге тырысқанымен, қолдарынан келмеген.


Екі айдан соң тірі қалғандар саны 16-ға кеміді. Олардың үшеуі көмек іздеп, таудан түсіп кетеді. Бұл 12 желтоқсан еді. 10 күн жүріп 65 шақырымды артта қалдырған олар, тау ағынына тап болады. Бір күннен соң өзенге жетіп, жергілікті бақташыны көреді. Өзеннің арғы жағында тұрған бақташы тасқа қағаз бен қарандашты байлап, спортшыларға лақтырып жібереді. Регбишілер өздерінің кім екендерін, қандай оқиғаға тап болғандарын жазып жібереді. Бақташы оларға нан мен ірімшік лақтырып, жылдам құтқарушыларға бет алады.


Сөйтіп, спортшыларға әскери гарнизонның алты өкілі мен журналистер келеді. Басында бұл оқиғаға ешкімен сенбейді, сол кезде төмен түскен үш спортшы ұшақ құлаған жерге алып барады. Көп ұзамай құтқарушылар келіп, ұшақта қалған спортшыларды да алып кетеді.


Қорқынышты апаттан тірі қалған 16 спортшы таудағы өмірін әлі ұмытпаған, қайтыс болған командаластарына құрмет көрсету үшін олар жыл сайын жиналып тұрады.


Sputnik


 




Көрілген: 686    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 16:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31