Шартарап

Техастағы атыс кезінде 26 адам құрбан болып, қылмыскер қаза тапты

  • © REUTERS / Nick Wagner

    © REUTERS / Nick Wagner

АҚШ-тың Техас штатында винтовкамен қаруланған ер адам шіркеу ішінде оқ ата бастаған, деп хабарлайды РИА Новости.


Шабуыл жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да (Астана уақытымен 23:30) Сазерленд Спрингсте орналасқан "Бірінші Баптистер шіркеуінде" болған.


Атыс салдарынан 26 адам қаза тапты, олардың жасы 5 және 72 аралығында, деп мәлімдеді штат губернаторы Грег Эббот. 20 шақты адам ауруханаға жатқызылған, деп мәлімет берді штаттың қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі басқарма басшысы Фриман Мартин. Билік өкілдерінің сөзіне жүгінсек, бұл штат тарихындағы ең ірі атыс оқиғасы.


Оқ жаудырған адам өз көлігінде өлі күйінде табылған. Алайда оны кім атып өлтіргені әлі белгісіз.


"Ер адам өзін-өзі атып өлтірді ме, әлде атысқа қатысқан жергілікті тұрғын атты ма, әзірше білмейміз", — деді Мартин баспасөз мәслихаты барысында.


Губернатордың айтуынша, шабуыл жасаған ер адамның кім екені, сонымен бірге қылмыс себептері әлі анықталған жоқ. Бұдан бұрын БАҚ хабарлағандай, күдіктінің аты-жөні Девин Келли еді.


Sputnik




 




Көрілген: 316    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 09:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30