Шартарап

Тойда ішімдік ішіп, түнде көшеде жүргендерге айыппұл салынады

  • Тойда ішімдік ішіп, түнде көшеде жүргендерге айыппұл салынады

    Тойда ішімдік ішіп, түнде көшеде жүргендерге айыппұл салынады

Түрікменстанда полицейлер тойда ішімдік ішкен азаматтарды бөлімшеге алып кетіп, кейін айыппұл төлетіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Мемлекеттегі әртүрлі уәлаяттан полиция қызметкерлерінің той залдарының алдында арнайы көлікпен отыратындары туралы хабар келіп түсіп жатыр. Олар ішімдікке мас болған қонақтарды есіктен шығып келе жатқан кезде ұстап алып, кейін көлікке отырғызып әкетеді. Айтуларынша, енді «қоғамдық тәртіпті бұзған» әр азамат 50 манат көлемінде айыппұл төлейді.


«Бірнеше күн бұрын Лебапский уәлаятындағы «Довребап» банкет залында осындай жағдай болды. Үйлену тойы біткен соң теміржолда жүргізуші болып жұмыс істейтін құрдасымды полиция қызметкерлері алып кетті. Қонақтардың мейрамханадан шыққан беті сол болатын», - дейді той қонақтарының бірі.


Басқа басылымдардың мәліметінше, полиция қызметкерлеріне бюджетті толтыру үшін осындай тапсырма берілген. Тіпті, көбірек айыппұл жазу да тапсырылған. 500 қонақ келетін тойлар – полиция қызметкерлері үшін таптырмас олжа екені анық.


Мұнымен қатар, үйіне 22:00-ден кешігіп келген адамдарға да айыппұл салынады. Көп жылдан бері полицейлер түнде көшеде жүрген адамдарды бөлімшеге алып кетіп, кейін айыппұл төлетеді. Соңғы айларда түнде көшеде жүрген адамдарға 50-100 манат көлемінде айыппұл салынып жүр.


 


 




Көрілген: 630    Пікірлер: 0

жұма, 02.02.2018, 19:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30