Шартарап

Туған қызын зорлады деп айыпталған ер адам итінің арқасында ақталып шықты

  • © CC0 / Snap_it

    © CC0 / Snap_it

АҚШ тұрғыны Джош Хорнер кәмелеттік жасқа толмаған туған қызын зорлады деген айыппен 50 жылға сотталған еді, алайда күтпеген жерден шыққан айғақтардың арқасында ақталып шықты, деп хабарлайды Oregon Innocence Project қоғамдық ұйымы.


Үкім шыққан соң алты айдан кейін 45 жастағы ер адам құқық қорғаушыларға қайта арызданды. Ол туған қызын зорлағаны үшін айыпты деп танылған еді, айғақ ретінде қызының сөзі ғана ескерілген. Қылмыстың ешқандай белгісі, ДНҚ-сараптамалар, тіпті куәгерлер де болмаған.


Ауыр айыбына қарамастан, ұйым сарапшылары ер адамға көмектесуге бел буады.


Тоғыз айға созылған істі жаңадан тергеген кезде қыз баланың бұрын анасын зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптағаны белгілі болды, бірақ ол кезде деректер расталмапты.


Бірақ оқиғаны айқындауға негізгі үлес қосқан үй жануары – Люси есімде қара лабрадор болды. Қыз баланың айтуынша, әкесі итті көз алдында атып тастаған. Алайда жуырда Люси аман-есен табылыпты. Соның арқасында қыздың әкесіне жала жапқаны белгілі болды.


Қосымша деректер белгілі болған соң, округтік прокурор сотталған ер адамды жақтап, оны ақтап шығуды сұрады.


Ал бостандыққа шыққан Джош Хорнердің қуанышы қойнына сыймай, өзіне жәрдемдескендердің бәріне алғысын жаудырған.


"Әйелім Келли екеуіміз өмірімізді қайта бастаймыз", — дейді Хорнер.


Sputnik


 




Көрілген: 1747    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.09.2018, 10:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 15:11
    Күйеу жігітсіз өткен той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31