Шартарап

Түнгі бардағы қанды қырғын: 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды (видео)

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Лос-Анджелеске жақын жердегі Саузанд-Оакс қаласында 7 қарашада болған атыс салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.


Агенттіктің мәліметі бойынша, 12 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған, атқыштың көзі жойылды. Бұл туралы жергілікті полиция шерифі Джефф Дин баспасөз мәслихатында хабарлаған.


Қаза тапқандар арасында, шериф атап өткендей, жергілікті сержант Рон Хелус бар, ол атыс кезінде оққа ұшыпты.


Шериф Диннің сөзіне сүйенсек, оқиға орнынан бір тапанша табылды. Күдікті өз-өзін атып өлтірді ме, әлде оған біреу оқ атты ма – әлі белгісіз.


Айта кетсек, қаруланған ер адам Borderline Bar and Grill түнгі барына келіп, жиналған жұртқа 30 шақты оқ жаудырған. Оқиға кезінде барда жүзге жуық адам болды, дені студенттер.


Полиция атқыштың кім екенін анықтап жатыр.


 


Sputnik




Көрілген: 382    Пікірлер: 0

жұма, 09.11.2018, 10:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 15:34
    CNN Трампты сотқа берді
    3 Қараша, 22:03
    Ит қожайынына оқ атты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30