Шартарап

Түркияда 21 жастағы қазақстандық қызды көлік қағып кетті

  • Flickr/ Matt Perreaul

    Flickr/ Matt Perreaul

Қазақстан азаматы Антальяда жол апатына түсті, 21 жастағы теміртаулық қызды жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Қазақстандық қызды сенбі кешке Анталья қаласында көлік қағып кеткен.


"Жол апаты салдарынан ол басынан қатты жарақаттанып, қаладағы жеке меншік ауруханалардың біріне жеткізіледі. Ол жерде қызға шұғыл түрде операция жасалды. Қазақстанның Түркиядағы консулы зардап шеккен қыз жатқан ауруханаға барып, дәрігерлермен кездесті", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Қазіргі уақытта қыз жансақтау бөлімсінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.



"Қазақстандық дипломат қыздың туыстарымен байланысқа шықты, оларға қажетті көмекті көрсетіп отыр. Сондай-ақ жергілікті полициямен хабарласып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", — деді министрлік өкілдері.


Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша қазақстандық қыздың Антальяға туристік визамен әпкесіне барғанына бір ай болыпты. Медициналық сақтандыру құжаты бар.


Жол апатына кінәлі адам ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.




 




Көрілген: 454    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 09:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28