Шартарап

Ұлыбританияда салмағы ең ауыр егіздер дүниеге келді

  • © uaua.info

    © uaua.info

33 жасар Фэй Гардинер Англиядағы ең ауыр егіздерді дүниеге әкелді. Балалардың салмағы 7 кг-нан асады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.


Балаларды босандырған кезде дәрігерлер де таң қалған. Егіз балалар оларды әбден әбігерге салыпты.


Егіздердің салмағы – 16 фунт 2 унция, яғни 7,25 кг. Бірінші ұл – Джозеф салмағы шамамен 4 кг, екіншісі – Люк 3,3 кг болып туылған. Олар Англияда дүниеге келген ең ауыр егіздер болып тіркелді. Әдетте, егіз ұлдар 5 кг болып туылады екен.


«Дәрігерлер әрқайсысы 2,5 кг болады деп күтті. Бірақ мен олардың таң қалған дауысын естіп, уайымдап кеттім. Сөйтсем, ұлдарым ірі болып дүниеге келіпті», - деп қуанышымен бөлісті балалардың анасы Фэй Гардинер.


Анасының айтуынша, екі ұлдың да дені сау, тәбеті де жақсы. Ата-анасы өте қуанышты. Бірақ олар өз балаларының салмағын айтқан кезде ешкім сенбейді екен. 




Көрілген: 358    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 06.11.2017, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30